СҚО-да балаларға улы ойыншықтар сатылған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: khersondaily.com Фото: khersondaily.com

Солтүстік Қазақстан облысында дүкендер мен базарларда құрамында фенол бар ойыншықтар сатылған. Улы қуыршақтар мен көліктерден балалар дем ала алмай, көздері қызаруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astanatv.kz телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысында дүкендер мен базарларда құрамында фенол бар ойыншықтар сатылған. Улы қуыршақтар мен көліктерден балалар дем ала алмай, көздері қызаруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astanatv.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, көбінесе Қытайдан сапасыз, балалар үшін қауіпті тауарлар әкелінеді. СҚО-да былтыр улы фенол бар жүздеген ойыншық жойылғаны хабарланған.

"Мен ойыншықта өткір иіс барын байқадым. Оларды тез арада тастадық. Өйткені иісі жаман болғандықтан, ойыншықтарды балаларға беруден қорықтым. Арзан ойыншықтарды өте сирек аламыз. Кейін балалар зардап шекпес үшін қымбатырақ алған дұрыс", - деді Петропавл қаласының тұрғыны Наталья Некрасова.

"Алынған сынаманы зерттеу кезінде фенол концентрациясының 13 есе артқаны анықталды. Балада көздің қызаруы, ауыз және мұрын шырышты қабығының қабынуы болады. Ұзақ уақыт ойнаған кезде балада дем алу қиындайды", - дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Данияр Оспанов.

Сарапшылар ойыншықты сатып алмас бұрын мұқият тексеруді ұсынады. Өнімнің толық сипаттамасы болуы керек. Зиян қоспалар нормадан асса бала улануы мүмкін. Ата-аналар сатушылардан өнім сертификаттарын талап ете алады. Данияр Оспанов сатып алу алдында ойыншықтың иісіне мән беруді ұсынды.

"Егер ол улы болса, онда ол бу шығарады және ол сезіледі. Фенол қосылған ойыншықтар аз уақыттан кейін жағымды, тәтті иіс шығарады", - деп қосты Оспанов

Телеарна мәліметіне сүйенсек, 1 шілдеден бастап ЕАЭО елдерінде шетелдік онлайн-сатушылар ойыншықтар қауіпсіздігін құжатпен растауы қажет. Егер анықтама болмаса, тауарды сатуға рұқсат етілмейді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro