20 қараша 2019 12:04

СҚО-да бетперде кигендер 170 миллион теңге ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Ақжар ауданы Талшық ауылында қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілерді іздестіріп жатыр. Белгісіз біреулер бетперде киіп, 170 миллион теңге ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, 19 қарашада сағат 19.15-те бетперде киген белгісіз төрт адам "Талшық Астық LTD" ЖШС ғимаратына баса-көктеп кіріп, фирма басшысын тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 170 миллион теңге мен екі ұялы телефонды алып кеткен.

Ведомство өкілдері бұл деректің сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелгенін айтты.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети