09 қыркүйек 2022 | 08:32

СҚО-да дәрігерлер электр шалғы кесіп кеткен 3 жасар қызды аман алып қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер 3 жасар қыздың өмірі үшін 5 сағатқа жуық күресті. Абайсызда электр шалғыға түскен бүлдіршіннің ішек-қарны ақтарылып қалған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер 3 жасар қыздың өмірі үшін 5 сағатқа жуық күресті. Абайсызда электр шалғыға түскен бүлдіршіннің ішек-қарны ақтарылып қалған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 5 қыркүйекте сағат 22.00 шамасында болған. СҚО көпсалалы балалар ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрлан Аймановтың айтуынша, 3 жасар қыздың ағасы шөп шабатын электршалғымен ойнаған.

Оны жүргізіп, бұта арасындағы қызды байқамай қалған. Салдарынан қарындасының қарын тұсынан осып өткен.

"Тілік оң жақ қабырға бойынан басталып, сол жақ арқасына дейін болған. Баланың ішектеріне, асқазанына, бауырына зақым келді. Асқазаны мүлде екіге бөлінген, бауырының бір бөлігін тіліп түскен, ол қарнында бөлек жатты. Бүкіл ішектері бірнеше жерден кесілген болды. Қызды аман алып қала алдық, бұған біз қатты қуандық. Бұл ең алдымен ауылдық дәрігерлік амбулаторияның, Явленка аудандық ауруханасының білікті мамандарының арқасы. Олар тез арада дұрыс шара қолданып, жағдайды тұрақтандырып, қажетті дәрі-дәрмек беріп, ауырсынуды басты. Аудандық аурухананың реаниматологы жағдайды бақылауда ұстап, қажетті анестезиялық-реанимациялық жұмысты жоғары деңгейде жүргізді. Қыздың қысымы 0-де болған. Ол маңызды мүшелердің жұмысын қалыпқа келтіріп, санитарлық авиацияға тапсырды", - дейді Нұрлан Айманов.

Сағат 00.00 кезінде санавиациямен облыстық балалар ауруханасынан барған дәрігерлер операция жасауға әзір болды.

Үш адамнан тұратын бригада 5 сағатқа жуық ота жасап, қыздың асқазанын тігіп, қалыпқа келтірді.

"Асқазанды қалыпқа келтіру әдетте қолдан келмейді. Өте сирек жасалады. Дәрігерлер сондай-ақ барлық ішектерін тігіп, қанды тоқтатты. Екінші күні тағы да сол бригаданы жіберіп, қызды облыстық балалар ауруханасына жеткіздік. Жағдайы ауыр, ол түсінікті де, бірақ қалыпты. Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығымен байланысып, бірнеше рет кеңес алдық. Алған жарақатының ауырлығына қарай баланы сол орталыққа жіберетін болдық. Бүгін республикалық санавиация келіп алып кетеді", - дейді Нұрлан Айманов.

Қазір сәби жансақтау бөлімшесінде. Бүкіл қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр.

"Ата-аналардан балаларын жалғыз қалдырмауын жалынып сұраймын. Дәрігерлерге алғысым зор, қолдан келгенін жасады. Қолдары алтын. Біз оларға өмір бойы қарыздар болып өтеміз. Қызым бұл қиындықты жеңіп шығып, арамызға қосылатынына сенімдімін», - дейді қыздың анасы, өксігін баса алмаған Виктория.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети