СҚО-да халық саны шамамен 10 пайызға азайған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да халық саны шамамен 10 пайызға азайған Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2021 жылғы халық санағы қорытындысын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2021 жылғы халық санағы қорытындысын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшылар мәліметінше, 2021 жылы облыста 540 786 адам тұрған. 2009 жылғы санақпен салыстырғанда 55,8 мыңға немесе 9,3 пайызға азайған.

2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша қалада 238,4 мың адам (облыс халқының 40 пайызы) тұрса, 2021 жылғы халық санағы кезінде қала тұрғындарының саны 259,5 мың адам (48 пайыз) болған. Ауыл халқының үлесі сәйкесінше 60-тан 52 пайызға дейін қысқарған.

"Солтүстік Қазақстан облысында бұрынғыдай әйелдердің саны ерлер санынан асып түсті. Санақ қорытындысы бойынша әйелдер саны 18,9 мыңға көп. Пайызбен айтсақ, ерлердің үлесі 48,3 пайыз, әйелдер - 51,7 пайыз. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында 100 әйелге 93 ер адамнан келеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети