СҚО-да жүргізуші куәлігі жоқ әйел зейнеткерді қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да жүргізуші куәлігі жоқ әйел зейнеткерді қағып өлтірді Фото: Polisia.kz

СҚО-дағы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында 30 жастағы әйел жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


СҚО-дағы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында 30 жастағы әйел жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәбірленуші Шал ақын ауданының аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Зейнеткер 66 жаста еді.

Жол-көлік оқиғасын жасаған әйелдің жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды.

"Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің "абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады полиция.

Бейресми мәліметтер бойынша, жол-көлік оқиғасын жасаған әйел жүкті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети