24 қазан 2016 10:30

СҚО-да жыл басынан бері 2 мыңнан астам маман БЖК бағдарламасының қатысушылары атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да жыл басынан бері 2 мыңнан астам маман БЖК бағдарламасының қатысушылары атанды. Бұл туралы Петропавл қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы аясында "Тәуелсiздiктiң жас жұлдыздары" атты өңiрлiк жастар форумында мәлім болды.
 
"Жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру, оларды жұмыспен қамту, саламатты өмiр салтын ұстану, талантты жастарды қолдау мемлекеттiк жастар саясатының басты басымдықтары саналады. Сiздерге аға буынның iзiн жалғастыру, бәсекеге қабiлеттiлiктi арттыру, ХХI ғасырда Қазақстанның өркендеуi мен әлемге танылуын қамтамасыз ету мiндетi жүктелiп отыр", - деп атап өттi өңiр басшысы.

Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов өз сөзiнде жастарға сапалы бiлiм беру мен жұмыспен қамтудың мемлекеттiк бағдарламаларының сәттi жүзеге асырылуын, сондай-ақ қолжетiмдi баспанамен қамтамасыз ету жөнiнде де атап өттi.

"Жыл басынан берi "Жасыл ел" бағдарламасын жүзеге асыру барысында 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылған. "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстың бес ауданында еңбек жастарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында алты жастар жатақханасы салынуда. Жыл басынан берi 2 146 жас маман аталған бағдарламаның қатысушылары атанған. "Жастар тәжiрибесiнен" өтуге 1 997 адам жiберiлген.

"Дипломмен ауылға!" бағдарламасы аясында 1007 жас маман 134 млн. теңге көлемiнде көтермеақы алған, ал бағдарламаның 540 қатысушысына 1 337,9 миллион теңге несие берiлдi.

Өңiрлiк форум аясында дәстүрге сай осы жылы айтарлықтай жетстiкке жеткен солтүстiкқазақстандық жастар бiрқатар марапаттарға ие болды, деп хабарлады әкімдік.

"Жас Дарын" аталымы бойынша Тимур Кәрiмжанов үздiк деп танылса, "Үздiк жас ғалым" атағына Татьяна Ермолаева ие болды, ал "Үздiк жас инноватор" марапатына Маржан Аманжолова қол жеткiздi.

Мағжан Жұмабаев ауданынан Иван Горбаль "Жас батыр" аталымы бойынша марапатталды. Иван қауiптiлiкке қарамастан, құтқарушыларды күтпей, жанып жатқан үйге кiрiп, екi кiшкентай баланы құтқарды. Оның ерлiк жiгерi мен батырлығының арқасында үш бала аман-есен қалған.

Сондай-ақ, солтүстiкқазақстандық жастар арасында "Үздiк маман" аталымына Дәулет Серғазин, "Үздiк спортшы" аталымына Рустам Набиуллин және "Үздiк студент" аталымына Олжас Төлеген лайық деп танылды.

"Ең үздiк әлеуметтiк жоба" аталымы бойынша "Улыбка" балалар қайырымдылық қоры танылса, "Жастар iсi бойынша үздiк комитет" болып Мемлекеттiк-техникалық колледжiнiң жастар iсi бойынша комитетi, "Үздiк жастар ұйымы" аталымы бойынша Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның әскери-патриоттық "Ел тiрегi - опора страны!" клубы жеңiмпаз атанды.

"Жастар саясатын жарықтандыратын үздiк бұқаралық ақпарат құрал" аталымында "Молодежная - Жастар" газетi марапатталды.

Форум аясында жас мамандар, жас кәсiпкерлер, спортшылар, Тәуелсiздiк құрдастары, сондай-ақ "Серпiн-2050", "Дипломмен ауылға" бағдарламаларының қатысушылары сөз сөйледi.

Iс-шара облыстық филармония әртiстерiнiң даярлаған концерттiк бағдарламасымен аяқталды.

Форум аясында "Жастар ұйымдары мен қозғалысының қызметi", "Жас кәсiпкерлер", "Тиiмдi мемлекеттiк басқару" атты үш пiкiрталас алаңының жұмысы жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети