СҚО-да карантин күшейтілді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да карантин күшейтілді Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Солтүстік Қазақстан облысында коронавируспен ауырғандар көбейгені байқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында коронавируспен ауырғандар көбейгені байқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазаннан бастап СҚО "қызыл" аймаққа өтті, осы уақыт аралығында эпидемиологиялық жағдай шиеленісе түсті, соған орай өңірлік комиссия карантин шараларын күшейту жөнінде шешім қабылдады.

Брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Әсет Жұматаев екі апта ішінде облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 1999 жағдайы тіркелгенін, оның ішінде кейінгі тәулікте 159 жағдай анықталғанын хабарлады.

25 қазаннан бастап аймақта кейбір шектеулер енгізіледі. Ashyq жобасына қатысты барлық әлеуметтік-экономикалық нысанның жұмыс уақыты 22.00-ге дейін қысқартылады. Салтанатты жиындар, еске алу, отбасылық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, көрмелер, спорттық жарыстар өткізуге тыйым салынады. Көпшілікпен жабық жерлерде жиын өткізуге болмайды, сонымен қатар, медициналық-әлеуметтік нысандарға баруға тыйым салу ұзартылды.

"Вакцинация қарқыны төмен болуы, тұрғындардың шектеу шараларын сақтамауы, әсіресе, салтанатты іс-шаралар өткізілуі ауырғандардың көбеюіне әкелді. Егер апта ішінде көрсеткіш 200-ден асса, онда "қара - қызыл" аймаққа көшеміз және барлық кәсіпорынның қызметін тоқтата тұруға тура келеді", - деп атап өтті Әсет Жұматаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети