СҚО-да қоғамдық көлік жүргізушілері жолаушыларға шағымданды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Солтүстік Қазақстан облысында автобус жүргізушілері құлақтарына тыңдауыш таққан жаяу жүргіншілерге шағымданды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысында автобус жүргізушілері құлақтарына тыңдауыш таққан жаяу жүргіншілерге шағымданды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автобус жүргізушілері жұмыс күнінің соңында полицейлермен кездесті. Жергілікті полиция қызметі және әкімшілік полиция қызметкерлері көкейтесті проблемалар туралы жолаушылар көлігін жүргізетін жүргізушілердің өз ауыздарынан естуді жөн көрді. "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылған кездесу автобус парктарында өтті. Полиция қызметкерлерінің міндеті - жолаушылар тасымалы саласын тәртіпке келтіру, осы санаттағы жол қозғалысына қатысушылардың өтініштерімен танысу.

Петропавл жүргізушілері құлақтарына тыңдауыш таққан немесе телефонмен сөйлесіп келе жатқан жаяу жүргінші өтпесінен өтпекші болған адамдарға шағымдануда. Қалалықтардың осындай жауапcыздықтары апатқа себепші болуы мүмкін, бұл өз кезегінде күнімен қоғамдық көліктің рөлінде отырған жүргізушілерді алаңдатуда. Сонымен қатар, кездесуге қатысушыларды ауа райына байланысты аялдамалардың маңына тоқтау қауіпсіздігі алаңдатады. Осыған орай, жүргізушілер қыс мезгілінде аялдамалардың алдындағы жолдарға үнемі құм немесе тұз шашып отыруды сұрады. Қоғамдық көлік жүргізушілері "Тайга" сауда үйі, "От и до", "Квант" дүкендерінің қасында тоқтайтын автокөліктерге наразылық білдіруде. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция аға лейтенанты Азамат Жамұқов осындай кездесулер жол қозғалысына қатысушылардың өкпе-назын тыңдауға мүмкіндік беретінін атап өтті, бұл жолдағы қауіпсіздікті сақтау үшін жағдай жасайды. Автобус парктарында көтерілген барлық мәселелер бақылауға қойылып, жол қауіпсіздігін одан әрі ұйымдастыру үшін назарға алынды.

Осы орайда "Автобус" ЖПІШ өткізілген 8 күн ішінде СҚО-да қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 956 бұзушылық анықталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.2  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro