СҚО-да күдіктінің полицейге шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

СҚО-да алауыздық тудырды деген күдікпен ұсталған ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да алауыздық тудырды деген күдікпен ұсталған ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу барысында Есіл ауданының тұрғынынан діни алауыздықты қоздыру белгілері бар жариялаған материал анықталды. Аталған факт бойынша полиция соталды тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу әрекеттері барысында мән-жайды анықтау үшін аудан орталығының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілген. Тәртіп сақшылары тексеру мақсатымен ер адамнан iPhone14 телефонын беруді сұраған. Бірақ жергілікті тұрғын олардың заңды талабын елемей, құрылғыны сындырмақ болған. Полицейлер оның әрекетін тоқтатты, бірақ ер адам қызметкерлердің бірінің бетіне соққы жасады.

"Күдікті ұсталды. Оған қатысты алауыздықты қоздыру және билік өкіліне күш көрсету деректері бойынша соталшды тергеу жүріп жатыр. Денсаулыққа келтірілген зиянның дәрежесін сараптама көрсетеді", – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети