15 қыркүйек 2020 08:59

СҚО-да мектеп оқушылары зиратты қиратты

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында 3 мектеп оқушысы шағын шіркеудің терезесін сындырып, зираттағы құлпытастарды бүлдірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вандализмді жергілікті тұрғын анықтағаны хабарланды. Шұғыл-тергеу тобының мамандары 12 моланың құлпытасы мен қоршауы сындырылғанын тіркеген. Бір құлпытастың үстіне акрил бояуын төккен. Сондай-ақ зират басындағы шағын шіркеудің терезесі сындырылған.

Реклама
Реклама

"Полицейлер бірнеше күн бұрын осы зиратта жүрген 10-12 жас аралығындағы үш жасөспірімді анықтады. Олардың осы дерекке қатысы барын растады", - деді полициядағылар.

"Қайтыс болғандардың денесі және жерленген орнына қорлық көрсету" дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 314-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram