СҚО-да мектеп-гимназияны биыл бітірген Айнұр Серік Білім және ғылым министрінінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Ол бұл кешірім хатты білім министрінің атына жолдады.
СҚО-да мектеп-гимназияны биыл бітірген Айнұр Серік Білім және ғылым министрінінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Ол бұл кешірім хатты білім министрінің атына жолдады.
Өз хатында Айнұр Серік бұрмаланған ақпарат үшін кешірім сұрады. "2014 жылғы ҰБТ тапсырмаларының барлығы мектеп бағдарламасына сай сұрақтар. Барлық сұрақтардың дұрыс жауабы бар болды және дұрыс құрылмаған сұрақтар мүлдем болған жоқ", - деп түсіндірген. Ал Білім және ғылым министлігі бұл жайт мектеп бітірушінің тестілеуде көрсеткен нәтижесіне кері әсерін тигізбейтінін айтады.
Аталған жағдай Айнұр Серіктің телеарналардың бірінде "тест тапсырмасында Алматыдағы сыра зауытының қашан ашылғандығына қатысты сауал болды" деп сұхбат беруінен шығып отыр. Ал бұл сұрақты журналистер министрдің өзіне қойған болатын. Алайда Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиев баспасөз отырысында 2014 жылғы ҰБТ сұрақтарында мұндай сауал болмады дейді.
"Мұны шығарған мектеп бітіруші Айнұрдың өзі. Биылғы тест сұрақтарында мұндай сұрақтың болмағанын айтқым келеді. Кезінде Қазақстан тарихына қатысты Алматы экономикасының дамуына байланысты мұндай сұрақтардың ішінде болғаны рас.Сыра ол ұятты сөз емес, бұл сондай монополия. Яғни, жұмыс орны. Биыл онда сұрақ болмады. Біз қазір оның кешірім сұрағанын және неліктен бұлай деп айтқанын түсіндіруін сұраймыз, - деді Қ.Әбдиев.
Бұдан бөлек, тестілеу орталығы биыл қисынсыз сұрақтардың болмағанын айтып отыр.