Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында 17 курсант қызылша ауруын жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында 17 курсант қызылша ауруын жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алғашында Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы 29 жағдай туралы хабарлады. Министр бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"29 адам күдікпен (қызылша жұқтырды деген – еск.) түсті, оның 17-сі расталды. Қазір респираторлық вирустық инфекциялардың эпидемиологиялық маусымы, түрлі инфекциялар жүріп жатыр, соның ішінде тұмау, парагрипп бар. Қалғандарына басқа диагноз қойылды", - деді Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде.
Министрдің айтуынша, қазірдің өзінде 16 адам жазылып, ауруханадан шығарылған. Бір адам медициналық бөлімде ем қабылдап жатыр. Бұл ретте академияда карантин енгізілмеген.
"Біреуі (курсант – еск.) қазір медициналық бөлімде емделіп жатыр. Қалғандары жазылып шықты. Негізінен екпе алған немесе бұрын ауырғандар өмір бойы тұрақты иммунитетке ие. Ал ауырмағандар жұқтырған, онда да жеңіл түрде", - деді Ғиният.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!