СҚО-да вейптің ірі партиясы тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да вейптің ірі партиясы тәркіленді Фото: polisia.kz

СҚО-да полиция қызметкерлері вейптің ірі партиясын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да полиция қызметкерлері вейптің ірі партиясын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мақсатты бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында биылғы маусымнан бастап вейп саудасына күдікті 19 жастағы петропавлдықты анықтады.

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері одан жалпы сомасы 6 миллион теңгеден астам 545 вейп, сұйықтық құйылған 334 ыдыс, құрамында никотин бар 165 сағыз тәркіледі. Жігіт ешқайда оқымайды және жұмыс істемейтіні айтылды.

"Шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының санкциясы 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлдан бастап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген", – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети