18 сәуір 2023 | 12:42

СҚО-дағы "Халық кеңесі": болжамды сепаратистер қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

СҚО-дағы "Халық кеңесі" тобына қатысушылардың жиналысы туралы интернет желілердегі хабар бойынша 2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментімен сепаратизм дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

СҚО-дағы "Халық кеңесі" тобына қатысушылардың жиналысы туралы интернет желілердегі хабар бойынша 2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментімен сепаратизм дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 наурызда облыс прокуратурасының нұсқауы бойынша Ұлтық қауіпсіздік комитеті департаментінің, Полиция департаментінің, Экономикалық тергеу департаментінің, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, процестік прокурорлар тағайындалды.

Тергеу барысында Петропавл қаласында 2023 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында "Халық кеңесі" тобына қатысушылар облыс орталығының 20 азаматынан тұратын топтың жиналысы өткендігі, олар өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ізбасарлары деп көзқарастарын білдіргендіктері белгілі болды.

Жиналыс барысында олар Қазақстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл қаласының Халық кеңесін құру туралы тілектерін білдірген және "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халық кеңесі декларациясын" қабылдаған, онда олар Қазақстанның мемлекет құру заңдылығын және легитивтігін мойындамаған, оның Конституциялық құрылысын бұзуға қол сұға отыра оның тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарып отыр.

Соталды тергеп-тексеру барысында іс үшін мәні бар көптеген тергеу шаралары жүргізілді, оның ішінде әртүрлі сараптамалық зерттеулер тағайындалды.

Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен комиссиялық сот психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындыларына сәйкес сепаратизм белгілері анықталған.

Қылмыстық істің жиналған материалдары негізінде "Халықтық кеңестің" үш мүшесінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған.

Бұл тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік Кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған баптың санкциясымен он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру түрінде баламасыз жазалау қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда және жиналысқа қатысқан басқа тұлғаларға қатысты объективті және жан-жақты құқықтық баға берілетін болады. Облыс прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауға алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети