СҚО-дағы көне мешітте ислам мәдениетінің мұражайы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-дағы көне мешітте ислам мәдениетінің мұражайы ашылды

Рамазан айында Солтүстік Қазақстан облысында ислам мәдениетінің мұражайы ашылды. Бұл өңір мұсылмандары үшін айтулы оқиға. Ашылу рәсіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, СҚО әкімі Айдарбек Сапаров пен қоғам өкілдері қатысты.

Мұражайды ашу үшін 19-шы ғасырда салынған көне мешіт қайта қалпына келді. Киров зауытының аумағындағы діни ғимарат жартылай бұзылған, бірақ мұнарасы сақталған болды.

Бюджеттен қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Реставрация кезінде мешіттің бастапқы келбетін сақтауға баса мән берілді.

"Бұл тарихымызға тағзым жасап, рухани құндылықтарды дәріптеудің жарқын белгісі. Рухани орда дәстүрлі ислам тарихы мен мәдениетін насихаттауға елеулі үлес қосатын болады", - деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мұражайда келушілер исламның тарихы мен мәдениеті туралы ақпарат алып, қолжазбалар, бұйымдар және Құран кітаптарымен таныса алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материал СҚО әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course up  601  course up  6.52  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети