Наталья Слекишина алаяқтығы үшін жазасын өтеген ЛА-155/18 мекемесінің басшысы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ОВ-156/6 ҚАЖД-да жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Наталья Слекишина алаяқтығы үшін жазасын өтеген ЛА-155/18 мекемесінің басшысы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ОВ-156/6 ҚАЖД-да жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.
"22 шілдеде антикоррупциялық қызмет ЛА-155/18 басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғап, қазіргі уақытта іс ҚР Қылмыстық кодексінің 370-бабының 2-бөлігі ("Қызметтегi әрекетсiздiк") бойынша тергеліп жатыр. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бұйрығымен Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/18 мекемесінің бірқатар қызметкері тәртіптік жазаға тартылды. ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/6 мекемесінің басшысына (бұрын ЛА-155/18 мекемесінің басшысы қызметінде болған) толық емес қызметтік сәйкессіздік жарияланды", - деп хабарлады ҚР ІІД өкілдері редакцияның ресми сауалына берген жауабында.
Еске салайық, Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлады деп айыпталған болатын. Бұл оқиғадан жәбірленуші сол Слекишина болып шығады. 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтқан. Ол тіпті сол кезде жүкті болып қалған. Ал қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері тағылған айыппен келіспейтінін айтып отыр. Айта кетейік, кінә тағылып отырған 4 азамат та осы мекемеде ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар. Натальяны 4 бірдей қызметкер бірнеше рет зорлаған. Кейін арнайы сараптама тағайындалып, баланың әкесі расымен түрме бақылаушысы Руслан Хәкімов екені анықталған болатын.
Осыған дейін ІІМ өкілдері абақтыда зорланған әйелдің ісіне қатысты түсінік бергенеді. Кейінірек Алматыда қамалған әйелді зорлады деген күдікпен абақты қызметкері ұсталды.