СІМ басшысы Қазақстанның ДХР мен ЛХР-ды мойындауға қатысты ұстанымын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстан СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның ДХР мен ЛХР-ды мойындауға қатысты ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның ДХР мен ЛХР-ды мойындауға қатысты ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өздеріңіз білесіздер, кеше Ресей президенті Донецк пен Луганск халық республикаларын растау (мойындау - авт.еск.) жөнінде шешім қабылдады. Сондықтан, қазіргі жағдай күрделі, шиеленісіп бара жатыр. Ал Қазақстанның ресми ұстанымы қазір талқыланып жатыр", - деді министр.

Министрдің айтуынша, қазір ЛХР мен ДХР-ды тану туралы сұрақ тұрған жоқ.

"Мұндай сұрақ тұрған жоқ. Ең біріншіден, біз халықаралық құқық негізінде және БҰҰ-ның ұстанымын ұстанамыз", - деді Мұхтар Тілеуберді.

Ол тілшілердің "бейтарыптықты сақтайсыздар ғой" деген сұрағына "әрине" деп жауап берді.

Сондай-ақ, Мұхтар Тілеуберді журналистердің "Путин өтініш білдірсе, Қазақстан ҰҚШҰ-мен Донбассқа өз әскерін жібере ма" деген сұрағына жауап берді.

"Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бар, оған Қазақстан  мүше мемлекет. Бірақ бұл ұйымнан ол жаққа әскер жіберуге құқығы жоқ", - деді 

Еске салайық, бұған дейін Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс үлкен отырысынан кейін Ресей президенті Владимир Путин ел азаматтарына үндеу жасап, Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасының егемендігін дереу тану туралы шешім қабылдау қажет деп санайтынын мәлімдеді. Үндеуден кейін Путин бірден Кремльде ЛХР мен ДХР-ды тану туралы Жарлықтарға қол қойған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro