04 қыркүйек 2017 | 13:14

СІМ басшысы үндістандық тараптың "Абу-Даби Плазадағы" жағдайға қатысты пікірін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Үндістандық тарап "Абу-Даби Плазада" шетелдік жұмысшылардың төбелесінің тексерілуіне толықтай қанағаттанды. Енді олар тергеудің қорытындысын күтіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Үндістандық тарап "Абу-Даби Плазада" шетелдік жұмысшылардың төбелесінің тексерілуіне толықтай қанағаттанды. Енді олар тергеудің қорытындысын күтіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді.

"Дипломатиялық каналдар бойынша біз Үндістанның Қазақстан Республикасында аккредиттелген елшілігімен тығыз байланыстамыз. Тергеу бойынша шетелдік тарапқа еш шағым жоқ, қазақстандық билік өкілдерінен де шағым түскен жоқ. Үндістандық тарап тергеудің қорытынды нұсқасын күтіп отыр және олар қазіргі уақытта осы жағдайдың жан-жақты тергелуіне толықтай қанағаттанды", - деді министр Парламент палаталарының біріккен отырысындағы үзіліс барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, осыған дейін ҚР бас прокуроры Жақып Асанов "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңында болған төбелеске қатысты пікір білдірген еді. Қазір екі қылмыстық іс қозғалды. Біреуі тұрмыстық жанжал бойынша, екіншісі - жалған ақпарат таратуға қатысты, - деп мәлімдеді ол Парламент палаталарының біріккен отырысының үзілісінде. Ал шетелдік жұмысшыларды елден көшіріп жіберу туралы сұраққа ол бұл мәселені сот шететінін айтты.

Еске салайық, 2 қыркүйекте құрылысы жүріп жатқан "Әбу-Даби Плаза" кешенінде 20.35-те Үндістан азаматтары мен жергілікті жұмысшылар мен күзетшілердің арасында кішігірім келіспеушілік болған еді. ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың хабарына қарағанда, қақтығыс күзетшінің Үндістан азаматын мас күйде нысаннан шығаруға қарсы болғандығынан шыққан. Кейін ол отандастарын шақырып, күзетшіні ұрып-соққан, жергілікті жұмысшылар оған жақтасқан, салдарынан төбелес болған, оған шамамен 30 адам қатысқан. Оқиға орнына Үндістанның Қазақстандағы елшісі, жергілікті билік пен компания өкілдері келді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети