10 наурыз 2022 11:07

СІМ басшысы Зюгановтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік депутат Геннадий Зюгановтың Қазақстанның солтүстік аймақтары туралы мәлімдемесінен кейін Қазақстан неге наразылық білдірмейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік депутат Геннадий Зюгановтың Қазақстанның солтүстік аймақтары туралы мәлімдемесінен кейін Қазақстан неге наразылық білдірмейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресми наразылық болмайды. Біз Зюганов Ресей Федерациясының Коммунистік партиясының көшбасшысы екеніне сүйенеміз. Ол қазіргі үкіметке оппозициялық партия ретінде танылған. Оппозиция әрқашан қазіргі биліктің ресми ұстанымынан бөлек немесе тіпті қайшы келетін сол немесе басқа пікірді ұстанады.

Зюгановтың сөзін Ресейдің федерал арналарының ешқайсысы көрсеткен жоқ. Президентіміздің Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресейдің Қазақстанға аумақтық талаптары жоқ екені жоғары деңгейде расталды", - деді Тілеуберді үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалдарына жауап беріп.

Ол Ресей Коммунистік партиясы КСРО Коммунистік партиясының із басушысы және сол идеологияға негізделгенін, яғни ол дүниежүзілік социалистік революцияны жүзеге асыруды және бүкіл әлемде пролетариат диктатурасын орнату мақсатын көздейтінін айтты.

"Назарыңызды бұл видео 2 ай өткен соң пайда болғанына аударғым келеді. Бұл видеоның Украинадағы оқиғалар кезінде пайда болуы кездейсоқ емес. Қарулы әскери қақтығыс ақпараттық кеңістіктегі күрестің шиеленісуімен қатар жүретінін және Қазақстанның ақпараттық кеңістігін қамтитынын түсіну керек.

Белгілі біреулер мен арандатушылықтарға қарсы әрекетті өздеріңіз, журналистер ескеруі керек екенін түсінуіңіз керек. Сіздер бұл видео неге бұрын емес, қазір шыққанын анықтауыңыз керек. Оны кім жариялады және т.б.", - деп қосты министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети