Қазақстан сыртқы істер министрі басшысының орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан сыртқы істер министрі басшысының орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген Өкімде.
Алмас Айдаров 1983 жылы 25 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша тәмамдаған. Біліктілігі - экономист. 2009 жылы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистрі болды.
2004-2006 жылдары Ақтау халықаралық теңіз сауда портының ішкі аудит жөніндегі маманы, Инвестициялар жөніндегі инженері, Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекші маманы болды.
2006-2012 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің сарапшысы, президент протоколының сарапшысы (Президент Әкімшілігі) болды.
2012-2014 жылдары - "БХК Инжиниринг" компаниясының басқарушы директоры ("Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобы). Ал 2014-2017 жылдары - Kaznex Invest экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары, Kazakh Invest ұлттық компаниясының басқарушы директоры - басқарма мүшесі болған.
2017 жылғы 28 маусымда Қарағанды облысы әкімінің өнеркәсіп, ШОБ дамыту, индустрияландыру және инвестициялар мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2019 жылы мамырда ол пышақ жарақатын алған.