СІМ Бишімбаевтың сотына ресейлік журналистердің қатысуы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

СІМ Бишімбаевтың сотына ресейлік журналистердің қатысуы туралы айтты © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Сыртқы істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың сотына ресейлік журналист және тележүргізуші Ксения Собчак, сондай-ақ блогер әрі коуч Наталья Грейстің қатысуы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыртқы істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың сотына ресейлік журналист және тележүргізуші Ксения Собчак, сондай-ақ блогер әрі коуч Наталья Грейстің қатысуы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Собчак та, Грейс те ведомстводан шетелдік журналист ретінде аккредитация алмағанын айтты.

"Біріншісі де, екіншісі де аккредитация алуға жүгінген жоқ. Олардың сотқа кім ретінде қатысып жатқанын сот өкілдерінен білуге ​​болады", - деп жауап берді ол журналистер сұрағына.

Еске салайық, 22 сәуірде ресейлік журналист әрі тележүргізуші Ксения Собчак бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысына Қазақстанға келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети