22 маусым 2018 | 16:23

СІМ Иранда жүрген Қанат Бейсекеевтің жағдайына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Иранда деректі кино түсіріп жүрген қазақстандық режиссер, сценарист әрі оператор Қанат Бейсекеев ұсталды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Иранда деректі кино түсіріп жүрген қазақстандық режиссер, сценарист әрі оператор Қанат Бейсекеев ұсталды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биылғы 16 маусымда Қазақстанның Горган қаласындағы Бас консулдығы үш адамнан тұратын қазақстандық түсірілім тобымен кездесуі кезінде Иранда түсірілім жасауға арнаулы визасының болмағанын анықтап, жергілікті биліктен осы құжатты алуды кеңес етті. Бас консулдықтың мәліметінше, түсірілім тобы Қазақстанға ұшу үшін Тегеранға аттанғаны анықталды. Қанат Бейсекеев түсірілім жасауға арнайы рұқсатты алуда консулдық мекемесінің қолғабыс етуінен уақытының тапшылығына байланысты бас тартты. Алайда 20 маусымда түсірілім тобы Горган қаласына оралып, түсірілімін жалғастырған, мұнда жергілікті көші-қон органдары түсірілімге рұқсатының болмауына байланысты олардан Тегеранға оралуын сұраған", - делінген ведомство хабарламасында.

Ирандағы демалыс күндеріне қарамастан Бас консулдықтың түсірілім тобының қайда екенін анықтау үшін жергілікті билікпен байланыс орнатуға тырысып жатқаны айтылады. Бас консулдық осы мәселе бойынша Иранның Сыртқы істер министрлігіне арнайы нота жолдаған.

Еске салайық мұның алдында PR-маман Әлішер Елікбаев Иранда деректі кино түсіріп жүрген қазақстандық режиссер, сценарист әрі оператор Қанат Бейсекеевтің ұсталғанын хабарлаған еді. 

"Ол бұл елде фильм түсіріп жатыр. Енді Ирандағы қазақтар туралы фильм шыға ма, жоқ па - белгісіз. Көп болды сол жақта жүргеніне. Енді ғана біліп отырмын. Ешқандай да мән-жайын білмеймін. Оны ұстап, барлық құрал-жабдығын тәркілепті. Бұған дейін ол Моңғолиядағы қазақтар туралы фильм түсірген, кейін Өзбекстанға барып, сондағы қазақтар жайлы фильм түсірген, енді Иранға барған", - деді Әлішер Елікбаев.

Оның айтуынша, Бейсекеевтен бірнеше мың доллар тұратын құрал-жабдығы тәркіленген.

 

Gorgan, Iran Day 2

Публикация от kana (@beisekeyev)

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети