Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Ауғанстаннан босқындар қабылдайды деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Ауғанстаннан босқындар қабылдайды деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Ауғанстаннан босқындарды қабылдауды жоспарлап отыр деген ақпарат Желіде тарап жатыр.
"Бүгінгі таңда тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Ауғанстандағы жағдай сағат сайын өзгеріп отыр, сондықтан нақты шешім туралы айтуға әлі ерте", - деп хабарлады Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады. Ол күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізіп, АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді. "Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Ахуал мұқият бақылауда", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Кеше, 14 тамызда Сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісі Әлімхан Есенгелдиев Кабулда жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады. Онда аз қызметкер қалды.
Еске салайық, Ауғанстанда үкіметтік күштер мен Қазақстанда тыйым салынған "Талибан" қозғалысының содырлары арасында қақтығыс жүріп жатыр. Соңғы айларда тәліптер айтарлықтай көп аумақты иемденіп, ірі қалаларға шабуыл жасады. Эскалация АҚШ пен олардың НАТО-дағы одақтастары Ауғанстаннан әскерін шығарғаннан кейін басталды.
Бұған дейін шетелдік БАҚ өкілдері тәліптер Ауғанстан аумағының 90 пайызын бақылауына алғанын хабарлаған болатын. Осылайша, Ауғанстандағы ірі қалалардың ішінен Кабул мен Желалабад, Пәкістанмен шекарадағы Нангархар провинциясының орталығы ғана үкіметтің қолында қалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!