06 қаңтар 2022 03:55

СІМ Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге байланысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан шетелде дайындалған лаңкестік топтардың қарулы шабуылына тап болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыртқы істер министрлігі Қазақстан шетелде дайындалған лаңкестік топтардың қарулы шабуылына тап болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен елдің бүкіл аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді. Маңғыстау облысында басталған митингтерде тұрғындар сұйытылған газ бағасын төмендету талабымен шықты. Осыған жауап ретінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет оларды төмендету бойынша шұғыл шаралар қолданып, әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік тауарлары, жанармайдың және коммуналды қызметтердің бағаларының өсуіне мораторий жариялады. Наразылық шараларының бірінші күндерінде қамалғандардың бәрі босатылды.

Дегенмен, басқа ірі қалалардағы шерулер жаппай тәртіпсіздіктер мен билік органдарына шабыуылға әкеліп соқты. Оның үстіне Алматыдағы оқиғалар – әкімшілік және әскери нысандарға шабуылдар, әуежайды басып алу және шетелдік жолаушы және жүк ұшақтарының ұсталуы шабуыл жасаушылардың іс-әрекеттерінің жоғары деңгейде дайындалғанын және үйлестіргенін айғақтайды. Талдау көрсеткендей, Қазақстан шетелде дайындықтан өткен террористік топтардың қарулы шабуылына тап болды", - делінген хабарламада. 

Жағдай күрт шиеленісуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметіне кірісіп, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттерге терроризмге қарсы операция жүргізуге әскери көмек көрсету туралы өтініш білдіргені айтылды.

"Жарияланған төтенше жағдай қоғамдық қауіпсіздікті және заңдылықты сақтауға бағытталған шаралар кешенін қамтиды. Құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері кез келген заңсыз әрекеттердің жолын кесуге уәкілетті.

Сонымен қатар, мемлекет көпұлтты және көпконфессиялы халқымыздың барлық өкілдерінің құқықтары мен мүдделерін және дипломатиялық корпус пен журналисттерді қоса алғанда еліміздегі шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастырады. Шетелдік инвестициялар мен шетелдік компаниялардың бизнесі қорғалады", - делінген хабарламада. 

СІМ Қазақстан адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындауға және "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясындағы реформалар курсының жалғасуына мүдделі екенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 463.77   490.7   5.37 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети