21 қаңтар 2019 | 17:25

СІМ кепілақымен босатылған дипломатқа қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерік Өтембаев. © nuz.uz Ерік Өтембаев. © nuz.uz

Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметінен уақытша босатылған Ерік Өтембаевқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметінен уақытша босатылған Ерік Өтембаевқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында журналистер Ерік Өтембаевтың министрлік қызметкерлерінің құрамында бар-жоғын сұрады. Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров оның қызметкерлер тізімінде тұрғанын нақтылады.

"Иә, ол Президенттің Жарлығы бойынша қызметінен уақытша босатылды. Қазақстанның төтенше және өкілетті елшілері тек Президенттің жарлығымен қызметінен босатылады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, сондықтан тергеу мүддесіне сәйкес, басқа мәлімет айта алмаймын", - деді Смадияров брифинг барысында. Оның айтуынша, Ерік Өтембаев қазір Астанада.

Сондай-ақ, журналистер Өтембаев тергеуде болған уақытта оның дипломатиялық иммунитетіне сақтала ма, жоқ па деген сұрақ қойды.

"Кез келген дипломатқа дипломатиялық иммунитет ол шетелде жұмыс істеп жүрген кезде ғана беріледі. Қазақстанға қайтып келген дипломаттар әдеттегі мемлекеттік қызметкерлер болып саналады", - деп жауап берді Смадияров.

Еске салайық, мұның алдында дипломат Ерік Өтембаевтың кепілақымен босатылғаны айтылған болатын. Былтыр қазанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Өзбекстандағы Қазақстан елшісі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгені туралы хабарлаған еді. 

Кейініріек Мемлекет Басшысының жарлығымен Ерік Өтембаев ҚР Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети