СІМ Малайзиядағы қазақстандық қыздың өліміне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

СІМ Малайзиядағы қазақстандық қыздың өліміне қатысты пікір білдірді Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Малайзияда қазақстандық студент қыздың қайтыс болғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Малайзияда қазақстандық студент қыздың қайтыс болғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде блогерлер 17 жастағы қазақстандық Нұрай Қадырдың Малайзиядағы жеке клиникалардың бірінде пневмониядан қайтыс болғаны туралы видео таратты. Хабарламада Қытайдың Сямэнь университетінде оқыған қыздың жеке ауруханада қажетті медициналық көмек ала алмай көз жұмғаны айтылады.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстанның Малайзиядағы елшілігі марқұм қазақстандық қыздың денесін отанына жеткізуді ұйымдастыруда жан-жақты көмек көрсеткен.

"Консул аурухана, университет және сақтандыру компаниясымен мәселелерді үйлестірді. Денені тасымалдау, жерлеу рәсімі қызметтері және анасына ұшақ билетін алу шығындарының барлығы медициналық сақтандыру есебінен жабылды", – деді Смадияров.

Ведомство өкілі қазақстандық елшілік қызметкерлері қыз қайтыс болған ауруханасымен тығыз байланыста екенін және аталған факт бойынша ішкі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

"Нәтижелері марқұмның анасына беріледі. Сондай-ақ елшілік университетпен байланыста болып, студенттің анасына ары қарайғы құқықтық әрекеттер бойынша көмек көрсетіп жатыр", – деп түйіндеді Смадияров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети