СІМ өкілі Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдай туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

СІМ өкілі Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдай туралы айтты Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан-Ресей шекарасындағы қазіргі жағдайға қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан-Ресей шекарасындағы қазіргі жағдайға қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, министрлік "Крокус Сити Холл" концерт залында болған терактіден кейін шекарада ешқандай проблеманы байқамаған.

"Достық, одақтастық және стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы көп қырлы мемлекетаралық ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады.

Біздің Ресейдегі, Мәскеудегі дипломаттарымыз жергілікті билік, Сыртқы істер министрлігі, шекара қызметімен үнемі байланыста. Біздің азаматтар қандай да бір жаппай ұстауды немесе құжаттарды тексеруді байқамады. Егер азаматтарымыз тоқтатылса немесе құжаттары тексерілсе, бұл қауіпсіздік мақсатында", - деді Смадияров брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

СІМ өкілі қазақстандықтарды барған елдің заңдарын сақтауға шақырды.

"Шекара ашық. Егер азаматтар еркін жүріп, барған елдің заңдары мен ережелерін сақтаса, ешқандай проблемалар туындамайды", - деп қорытындылады Смадияров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети