СІМ өкілі қазақстандықтарды Ресейден эвакуациялау туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

СІМ өкілі қазақстандықтарды Ресейден эвакуациялау туралы айтты Фото ©РИА Новости

Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі оқиғалар фонында қазақстандықтарды эвакуациялау қажеттілігін бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі оқиғалар фонында қазақстандықтарды эвакуациялау қажеттілігін бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров екі ел арасындағы шекараның ашық екенін және Ресейде ешқандай соғыс жарияланбағанын атап өтті.

"Ресейдегі жағдайға байланысты елге қайтқысы келген студенттер болды. Кейінгі 2-3 күнде азаматтарымызды неге эвакуацияламайсыздар деген сұрақтар көп болды. Екі ел шекарасы ашық, Ресейде ешқандай соғыс жарияланған жоқ деп жауап беремін. Әуе қозғалысы да қалыпты жұмыс істеп тұр, пойыздар мен көліктер жүріп жатыр. Әр адамның өз еркі бар. Бұл біздің азаматтарды эвакуациялайтын жағдай емес", - деді ол.

Оның айтуынша, биылғы бірінші тоқсанда Ресейдің көші-қон қызметіне 110 мыңнан аса қазақстандық тіркелген, оның 65 мыңнан астамы - студенттер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети