10 қараша 2020 | 13:15

СІМ Оңтүстік Кореяда қайтыс болған қазақстандыққа қатысты пікір білдірді

© ktk.kz

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Кореяда қайтыс болған қазақстандықтың денесін апаттан кейін бірден Қазақстанға жеткізе алмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Кореяда қайтыс болған қазақстандықтың денесін апаттан кейін бірден Қазақстанға жеткізе алмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл мәселе бірінші күннен бастап Қазақстан елшілігінің бақылауында екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Кеше шештік. Отандасымыздың денесі қазір Қазақстанда, таңертең Алматыға келді. Бүгін түстен кейін Шымкентте болады. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында аптасына бір ғана әуе рейсі бар. Дипломаттар марқұмның туыстарымен үнемі байланыста болды", - деп түсіндірді министрліктің ресми өкілі.

Еске салайық, мұның алдында қазақстандық 22 жастағы жігіттің Оңтүстік Кореяда қайтыс болғаны туралы хабарланған еді. Қайғылы жағдай қарашаның басында болған. Бірақ туыстары қаржы қиындықтарына байланысты бір аптадан бері оның денесін еліне әкеле алмай әлек болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная