10 қараша 2020 07:15

22 жастағы қазақстандық Оңтүстік Кореяда қайтыс болды, туыстары видеоүндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Оңтүстік Кореяда 22 жастағы қазақстандық Бейбарыс Арын жол апатынан қайтыс болды. Қайғылы жағдай қарашаның басында болған. Бірақ туыстары қаржылай қиындықтарға байланысты бір аптадан бері оның денесін еліне әкеле алмай әлек. Бұл туралы "Астана" және КТК телеарналарының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оңтүстік Кореяда 22 жастағы қазақстандық Бейбарыс Арын жол апатынан қайтыс болды. Қайғылы жағдай қарашаның басында болған. Бірақ туыстары қаржылай қиындықтарға байланысты бір аптадан бері оның денесін еліне әкеле алмай әлек. Бұл туралы "Астана" және КТК телеарналарының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жас жігіт Оңтүстік Кореяға ақша табу үшін өткен жылы кеткен. Апта бұрын өзі отырған көлік Кенсан қаласында бетон қоршауға соғылған. Содан бері туыстары Бейбарыстың денесін үйіне әкелуге тырысып жатыр. Қайырымды жандардың арқасында үш миллион теңгедей ақша жинаған.

Бейбарыс отбасында жалғыз асыраушы еркек еді: Арыста екі қарындасы, інісі және науқас анасы қалды. Анасы екінші топтағы мүгедек, ұлының қазасы туралы әлі ештеңе білмейді.

Қиын жағдайға тап болған туыстары жергілікті биліктен көмек сұрады. Олар Бейбарыстың денесін үйге әкеліп, жерлеуге қолғабыс болуды сұрап, Қазақстан Президентіне видеоүндеу жазды. 

"Қандай қазақ адамды 15 күн ұстап отырады, айтыңызшы! Менің сүйікті інім қайтыс болды. Не істерімізді білмей отырмыз. Анамның денсаулығы қазір өте нашар. Егер ол бәрін біліп қойса, комаға түсуі мүмкін. Одан айырылғым келмейді. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізден көмек сұраймын. Бауырымның денесін Отанына әкелуге және жер қойнауына табыстауға көмектесуіңізді сұраймын", - дейді жігіттің әпкесі Ақнұр Арын.

Үндеуді қазақстандық дипломаттар естіді. Министрліктегілер Бейбарыстың отбасына көмектесуге уәде етті. Олардың айтуынша, жақын күндері оның денесі Түркістан облысына жеткізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети