03 шілде 2023 17:45

СІМ Сауд Арабиясында алданған қажылардың жағдайына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Сыртқы істер министрлігі өкілі Сауд Арабиясында алданған қажыларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыртқы істер министрлігі өкілі Сауд Арабиясында алданған қажыларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров ұсталған қажылардың барлығында қажылықтан өтуге рұқсат етілмейтін туристік виза болғанын айтты. Оның сөзінше, азаматтар жүгінген туристік фирма оларға туристік виза рәсімдеген, ал ол арқылы қажылыққа тыйым салынады. Бұл компания осындай визалар арқылы 300-ге жуық қазақстандықты әкелген.

"Азаматтарымыздан қажылыққа сай келмейтін визаға байланысты Сауд Арабиясында полиция бөліміне түскені туралы қоңырау түсті. Әрине, бас консул қызметкерлерімен бірге дереу полиция бөліміне барып, олардың босатылып, қонақүйге баруына көмектесті. Кейбір мәліметтерге сәйкес, бұл компания Сауд Арабиясына дәл осындай виза бойынша 300-ден аса азаматты әкелді. Барлық қажының орналасқан жерін бақылау мүмкін емес", - деді ол.

Айта кетейік, маусымның аяғында жүзден аса қазақстандық қажылығын өтеу үшін Қағбаға жете алмады. Олар Сауд Арабиясында құжаттарға байланысты ұсталды. Сонымен қатар, қажылар бірнеше күн бойы полиция бөлімінде тамақ пен сусыз жатты.

Еске салайық, бұған дейін Президент қазақстандықтарды қажылыққа апарамыз деп алдаған компанияға қатысты пікір білдіргені хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети