СІМ Вьетнамда қазақстандық қыздың жоғалып кетуіне байланысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

СІМ Вьетнамда қазақстандық қыздың жоғалып кетуіне байланысты пікір білдірді

Вьетнамда Қазақстан азаматы жоғалып кетті. Ол 6 наурыздан кейін байланысқа шықпай қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Вьетнамда Қазақстан азаматы жоғалып кетті. Ол 6 наурыздан кейін байланысқа шықпай қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғалған қыздың әпкесі әлеуметтік желілерде үндеу жариялады. Оның айтуынша, 26 жастағы Әсем Қазақстан консулымен кездесу үшін Ханойға ұшуды жоспарлаған. Алайда әуежайдан шамамен 20 шақырым жерде байланысқа шықпай қалған.

Туыстарының сөзінше, жоғалар алдында Әсем қатты қорыққан, біреулер аңдып жүргенін айтқан.

Бұл жағдайға Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілі пікір білдірді.

"Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі азаматтың туыстарымен байланыста және Вьетнамның құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Қазір оның орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жағдай ҚР СІМ бақылауында", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети