СІМ Ыстамбұлдағы жарылыс құрбандарының арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы жарылысқа қатысты пікір білдіріп, төтенше оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандардың ішінде қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы жарылысқа қатысты пікір білдіріп, төтенше оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандардың ішінде қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ыстамбұлдағы ҚР Бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзыретті органдары мен қала мэриясымен байланыста", - делінген СІМ таратқан хабарламада.

ҚР Ыстамбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы қазақстандықтарға, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде барынша сақ болуға кеңес берді.

ҚР Бас консулдығының байланыс телефоны +90 212 662 53 49.

Айта кетейік, бұған дейін Ыстамбұл орталығында болған жарылыстан зардап шеккендер саны 81-ге жеткені белгілі болды. Бұл туралы Түркия вице-президенті Фуат Октай мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Ыстамбұлдың басты туристік көшесінде жарылыс болғаны хабарланған еді. Сағат 16.20-да болған жарылыстан кейін ауданға бірнеше жедел жәрдем қызметі және өртсөндірушілер келген.

Аудан қоршауға алынды. Азаматтарға ауданға кіруге тыйым салынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro