10 қыркүйек 2022 | 14:01

Смайылов әкімдерге инвесторларды әлсіз тартқаны үшін сөгіс жариялады

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

primeminister.kz primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Цифрлық кеңсесінде инвестициялық штабтың отырысын өткізіп, инвесторларды тарту бойынша нашар жұмыс жүргізген облыс әкімдеріне сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайылов Цифрлық кеңсесінде инвестициялық штабтың отырысын өткізіп, инвесторларды тарту бойынша нашар жұмыс жүргізген облыс әкімдеріне сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Премьер-министр биыл негізгі капиталға құйылған инвестициялар бойынша 4,5 пайыз деңгейінде оң динамика байқалып отырғанын, бұл ретте 12 өңірдің белгіленген нысаналы индикаторларды орындамағанын айтты. Ең төменгі көрсеткіштер - Шымкент қаласы, Түркістан және Ұлытау облыстарында. 

"Ірі компаниялар өндіріске инвестиция салып, жаңа жұмыс орындарын ашуға дайын. Олармен жұмыс істеп, инвестициялық келісімшарттар жасау, жаңа жобалар бойынша - салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беру қажет. Облыстар мен мемлекеттік органдардың басшылығы инвестиция тарту жұмыстарын күшейтіп, бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауы тиіс", - деді Әлихан Смайылов. 

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл 7 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6,9 триллион теңге екенін хабарлады. Жылжымайтын мүлікпен операциялар, тау-кен өнеркәсібі және мұнай өндіру, көлік және қоймалау, ауыл, орман және балық шаруашылығы, энергетика және өңдеу өнеркәсібі сияқты салалар бойынша айтарлықтай өсім байқалады. 

Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров 2022 жылғы І тоқсанында елімізге 6,8 миллиард доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылғанын баяндады. 

Осы кезеңдегі алғашқы инвесторлар ондығына Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Бельгия, Ұлыбритания, Франция және Түркия елдері кірді. 

Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы химия өнеркәсібі, ТМК, энергетика, көлік және логистика, тамақ өнеркәсібі, туризм, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, мұнай-газ химиясы, ауыл шаруашылығы салаларда 30,2 триллион теңгеге 797 жобаны қамтиды. 

Пул жобаларын толық іске асыру шамамен 130 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 2022 жылы 24 мың жұмыс орнын құра отырып, 2,98 триллион теңгеге 272 жобаны іске қосу жоспарланған. 

Сонымен қатар, қазір шетел компанияларын Қазақстанға көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, таргеттелетін 310 компанияның 51-і елімізде өндірісті шоғырландыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Олардың ішінде Honeywell, Skoda, Youngsan, EMAG, Carlsberg, Fortescue. Ал Canon, Philips, Kronospan, GE Healthcare, Alstom, Haier компаниялары алдын ала келіссөздер сатысында. 

Премьер-министр I тоқсанның қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялар ағынының 54 пайызға оң динамикасы тіркелгенін айтты. 

"Қазір бірқатар инвесторлардың елімізге өз өндірістерін көшіру ниетімен байланысты мүмкіндіктер ашылып жатыр. Министрлер мен әкімдер осы бағытта туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін бар күш-жігерін жұмсасын", - деді Әлихан Смайылов. 


Премьер-министр мемлекеттік органдар мен әкімдіктер барлық жоспарланған инвестициялық жобаны іске қосу бойынша түбегейлі шаралар қабылдауы тиіс екенін айтты.  

"Біз инвестициялар бойынша оң динамика болуы үшін келер жылдарға берік негіз қалауымыз керек. Бұл жұмыс орындарын құру және экономикамызды әртараптандыру тұрғысынан өте маңызды. Тиісті жұмыстар әр өңірде жүргізілуі тиіс", - деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети