11 наурыз 2023 10:54

Смайылов Алматы құрылысындағы қателіктерді атап өтті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Әлихан Смайылов Алматыны салу кезіндегі қателіктер туралы айтып, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылыстағы бақылау шараларын күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Премьер-министр Әлихан Смайылов Алматыны салу кезіндегі қателіктер туралы айтып, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылыстағы бақылау шараларын күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Алматыға жұмыс сапары барысында қаланы одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Ағымдағы ахуал, өнеркәсіп, көлік инфрақүрылымы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, медицина жүйесі, білім беру және тағы басқа салаларды дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар мен жоспарлар туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан, мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев баяндама жасады.

Үкімет басшысы инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселесіне тоқтала келіп, су құбырлары – 56 пайыз, кәріз – 57 пайыз, электр желілері – 60 пайыз тозығы жеткенін атап көрсетті. Оның айтуынша, мұны азайту үшін жыл сайын 100 шақырымнан астам су құбыры, 70 шақырымнан астам кәріз және 120 шақырымға жуық электр желілерін қайта жаңарту қажет. Бұл ретте қалаға қосылған аумақтарда жаңа су көздерін салуды қамтамасыз ету қажет.

Әлихан Смайылов білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін дамыту мәселелерін де қозғады. Мәселен, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында қалада 37 мың оқушыға арналған 22 мектеп салу жоспарланған, бұл мектептердегі орын жетіспеушілігін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әкімдікке салынып жатқан нысандардың уақтылы пайдалануға берілуін қамтамасыз ету және Қаржы министрлігімен бюджеттен тыс қаржы көздерінен, сыбайлас жемқорлардан өндірілген қаражат есебінен қосымша оқу орындарын салуды пысықтау тапсырылды.

Әлихан Смайылов медициналық жүйе бөлігінде қаланың амбулаториялық-емханалық ұйымдарына шамамен 2,2 млн адам бекітілгенін, бұл оларға елеулі жүктеме беретінін атап өтті. Осыған байланысты алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту Алматы агломерациясы үшін басым бағыттардың бірі болуға тиіс екенін айтты. Денсаулық сақтау министрлігіне озық тәжірибені ескере отырып, 1 тоқсанда осы саладағы стандарттарды өзектендіру ісін аяқтауды тапсырды.

Премьер-Министр сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, Түркия мен Сирияда болған табиғи апаттар біздің еліміз үшін, әсіресе Алматы үшін үлкен сабақ болуы тиіс.

Ол соңғы рет қаладағы нысандарды паспорттау 2017 және 2018 жылдары жүргізілгенін атап өтті. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі мен қала әкімдігі бірлесіп, қысқа мерзімде аудит жүргізіп, сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі пәрменді шараларды іске асыруы тиіс.

"Бұл мәселелерде әлемдік тәжірибені тек Алматыда ғана емес, еліміздің жер сілкінісіне ұшырауы ықтимал басқа да өңірлерінде пайдалану қажет. Уәкілетті мемлекеттік органдар бұған дейін алынып тасталған жобалау, құрылыс және бақылау процестерін заңнамалық тұрғыда қатаңдату мәселесін шұғыл түрде қарастыруы керек", — деді Әлихан Смайылов.

Жалпы, премьер-министр шаһардағы қала құрылысы саясатын жақсарту қажеттігіне, бұл әсіресе Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарының жобасын талқылау және келісу аясында өзекті екеніне назар аударды.

"Әкімдік қала құрылысы кезінде әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жіберілген қателіктерді ескеруі керек. Сондай-ақ, тарихи-мәдени мұраны сақтай отырып, құрылыс нысандарының биіктігі мен тығыздығына ерекше назар аудару қажет", — деді ол.

Соңында Үкімет басшысы қаланың экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі шараларды кешенді іске асырудың және Алматы агломерациясын дамыту жоспарын жедел пысықтаудың маңыздылығын атап көрсетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети