08 желтоқсан 2022 16:07

Смайылов "АрселорМиттал Теміртауға" қатысты наразылықтар туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Әлихан Смайылов "АрселорМиттал Теміртауға" қатысты наразылықтар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлихан Смайылов "АрселорМиттал Теміртауға" қатысты наразылықтар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

8 желтоқсанда Қарағандыда еліміздің Премьер-министрі мен Президент Әкімшілігі басшысы қатысқан Қарағанды ​​облысының барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының жиыны өтті. Облыс әкімі лауазымына үміткерлер қаралды. Ол Ермағанбет Бөлекпаев болды.

Өңір активімен кездесуде Премьер-министр бірқатар өзекті мәселеге назар аударды.

"Мәселен, модернизация қарқыны төмен және технологиялық жағдайы нашар "АрселорМиттал Теміртаудағы" жағдай алаңдаушылық туғызады, өнеркәсіптік қауіпсіздікке немқұрайды қараудың салдарынан өлім-жітім саны артып отыр", - деді Премьер-министр.

Ол бүгін өндірісте тағы бір қайғылы жағдай болып, кәсіпорын қызметкері қаза тапқанын атап өтті.

"Мұның бәрі - компания басшылығының тікелей жауапкершілігі. Осыған байланысты оларға кәсіпорынның ешқандай сын көтермейтін барлық бағыты бойынша наразылық білдірілді. Қазір Үкімет бұл мәселелерді реттеу бойынша белсенді келіссөздер бастап кетті", - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, ол өнеркәсіптік өндірістердің экологиялық жағдайға тигізетін зардабын азайту, "Саран" индустриялық аймағын дамыту, білікті мамандарды даярлау, жалақыны уақытылы төлеу және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелерін бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети