15 қараша 2022 | 11:20

Смайылов азық-түлік бағасына байланысты әкімдіктерді сынға алды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Әлихан Смайылов мемлекеттік органдар Қазақстанда инфляцияны тежеу ​​үшін жеткілікті шаралар қабылдамай отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайылов мемлекеттік органдар Қазақстанда инфляцияны тежеу ​​үшін жеткілікті шаралар қабылдамай отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында премьер-министр оң динамиканы сақтау үшін экономиканы одан әрі әртараптандыру, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты жандандыру қажет екенін айтты.

"Аймақ әкімдіктері жоспарланған көрсеткіштерді ұстанып, инвестиция тарту және қолдау жұмыстарын күшейтіп, инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына тұрақты мониторинг жүргізіп отыруы керек. Сондай-ақ, бағаның өсуін тежеуге баса назар аудару қажет", - деді Смайылов.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы қазанда инфляция үдеп кеткенін атап өтті.

"Бұл үдеріске ең үлкен үлес - азық-түлік тауарларының қымбаттап жатқанынан. Бұл, ең алдымен, әкімдіктер тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігін көрсетеді. Өңірлер жыл аяғына дейін жоспарланған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қолжеткізіп, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің тиімді орындалуын қамтамасыз етуі қажет.

Жылдың аяқталуына екі айдан аз уақыт қалды. Барлық жобаларды аяқтап, жоспарларды жүзеге асыруға, бюджетті тиімді пайдалануға күш салуымыз керек", - деп қосты Әлихан Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети