19 тамыз 2023 | 17:00

Смайылов қаза тапқан кеншілердің туыстарына қандай көмек көрсетілетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Қазақстан" шахтасында апат салдарынан қаза тапқанкеншілердің отбасы мүшелерімен кездесіп, ауруханада жатқан зардап шеккен кеншілерге барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Қазақстан" шахтасында апат салдарынан қаза тапқанкеншілердің отбасы мүшелерімен кездесіп, ауруханада жатқан зардап шеккен кеншілерге барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу барысында Үкімет басшысы қаза тапқан кеншілер отбасыларының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

"Сіздердің орны толмас қайғыларыңызға ортақпыз", - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шахтадағы апаттың себептерін егжей-тегжейлі зерттейтін арнайы комиссия құрылғанын атап өтті.

"Жауапты тұлғалардың барлығы тиісті түрде жазаланады. Былтыр да осындай жағдай болған. Ол кезде басшылық барлық қажетті шараны қабылдап, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, инвестиция салуға уәде берген еді. Бірақ, көріп отырғанымыздай, қайғылы оқиға қайталанып отыр, қажетті көлемде қаражат бөлінбей жатыр. Сондықтан қазір бұл компанияның иесі бойынша қандай шара қабылданады деген сұрақ қойылды. Өткен қайғылы оқиғалар бойынша тергеу жұмыстары аяқталып жатыр. Қыркүйекте материалдар сотқа жіберіліп, кінәлілер, оның ішінде компанияның топ-менеджменті жауапқа тартылады деп күтіледі. Мұның соңына жететініміз анық", - деді премьер-министр.

Кездесу барысында қаза тапқанның барлығының отбасына мемлекет пен жұмыс беруші қажетті қолдау көрсететіні атап өтілді.

  • Атап айтқанда, республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем қарастырылған.
  • Сонымен қатар, қаза тапқандардың отбасына жұмыс беруші кеншілердің жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшерінде моральдық зиян үшін біржолғы өтемақы төлеп, сондай-ақ жерлеу және еске алу шараларын өткізу шығындарын өтейтін болады.
  • Тұрғын үй болмаған жағдайда Қарағанды облысында пәтер беріледі, сондай-ақ балаларды жоғары оқу орнында тегін оқыту қамтамасыз етіледі.
  • Сонымен қатар, компания отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру және ипотекалық несиелерді өтеу бойынша шаралар қабылдайды.

Осы міндеттемелердің барлығын орындау "АрселорМиттал Теміртау" АҚ меншік иесі ауысқан жағдайда да жалғасатыны белгіленді.

Премьер-министр атап өткендей, қазір "АрселорМиттал Теміртауда" халықаралық компанияларды тарта отырып, экологиялық аудит және өнеркәсіптік қауіпсіздік аудиті аяқталып жатыр. Олар қыркүйекте аяқталады деп күтіледі, нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданады.

Кездесу барысында кеншілер үшін зейнеткерлік жасты төмендету мәселесі көтерілді.

Әлихан Смайылов қазіргі уақытта шахтерлерге ертерек - 55 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети