Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет Астанадағы жеңіл рельсті жүйе құрылысына қалай ақша бөлетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет Астанадағы жеңіл рельсті жүйе құрылысына қалай ақша бөлетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз бұл жобаның алдағы тағдыры туралы көп талқыладық. Осы жобаны одан әрі дамытудың әртүрлі схемаларын, әртүрлі нұсқаларын зерттей келе, халықаралық сарапшылардың пікірін ескеріп, жобаны жалғастырып, оны біршама оңтайландырылған түрде аяқтаймыз деген шешімге келдік", - деді Смайылов.
Ол қазір Үкімет қаржыландыруды жалғастырып жатқанын, атап айтқанда, LRT құрылысын жалғастыруға қосымша 20 миллиард теңге бөлінгенін айтты.
"Бұл ақша игеріліп жатқандықтан, біз оны дамытудың тиімділігін, осы жоба аясындағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қарастырамыз. Содан кейін бұл жобаны аяқтау үшін кезең-кезеңімен қосымша қаражат бөлетін боламыз.
LRT жобасымен әкімдік айналысады және ақшаны әкімдік бөледі. Біз бұл қаражатты жұмыстың дұрыс атқарылып жатқанын тексере отырып кезең-кезеңімен бөліп отырамыз", - деді Премьер-министр Смайылов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!