20 қыркүйек 2022 | 16:48

Смайылов "Манчестер Сити" иесіне құны 6,5 миллиард доллар болатын инвестициялық жобаларды ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:primeminister.kz Фото:primeminister.kz

Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары барысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов БАӘ Премьер-министрінің орынбасары - Президент Әкімшілігінің министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары барысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов БАӘ Премьер-министрінің орынбасары - Президент Әкімшілігінің министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов Қазақстан мен БАӘ арасында сындарлы саяси диалог орнатылғанын және екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін атап өтті. Үкімет басшысының айтуынша, оған ең жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар ықпал етіп отыр.

"Біріккен Араб Әмірліктері - Қазақстанның өңірдегі негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Әмірліктер біздің елмен тауар айналымы бойынша араб елдері арасында көш бастап тұр", - деді Премьер-министр. 

Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 709 миллион доллар болды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға жуық артқан.

"Бұл - жақсы нәтиже, алайда біз өзара сауда номенклатурасын одан әрі кеңейту бойынша бірлесіп күш-жігер жұмсай аламыз", - деді Әлихан Смайылов. 

Сонымен қатар, Үкімет басшысы соңғы жылдары БАӘ-ден Қазақстанға инвестициялардың жүйелі түрде өсіп келе жатқанын атап өтті. Былтырғы қорытынды бойынша бұл көрсеткіш 43 пайызға өсіп, 250 миллион долларға жеткен. Бұл тренд биыл да сақталып отыр.

"Біз тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, мұнай химиясы, энергетика, геология сияқты салаларда инвестициялық ынтымақтастықты арттыру және тереңдету үшін айтарлықтай әлеуетті байқап отырмыз. Аталған салалар біздің стратегиялық мақсаттарымызға сай келеді", - деді Әлихан Смайылов. 

Осыған байланысты шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянға жалпы сомасы 6,5 миллиард доллардан асатын перспективалық инвестициялық жобалардың тізімі қарауға берілді. Бұл ретте өнеркәсіптегі, энергетикадағы, банк секторындағы және ауыл шаруашылығындағы, оның ішінде бірлескен венчурлік қор құру, қант зауытын салу және кальций қосылған сода өндірісін іске қосу бойынша ең ірі бес жобаға баса назар аударылды.

"Қазақстан Үкіметі БАӘ-мен барлық бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге және нығайтуға ниетті", - деп түйіндеді Әлихан Смайылов. 

Кездесу қорытындысы бойынша экология, сауда, мәдениет және білім беру салаларында бірқатар екіжақты ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды.

Өз кезегінде шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян бұл сапардың екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін маңызы ерекше екенін атап көрсетті.

Ол Қазақстанның БАӘ-нің Орталық Азия өңіріндегі жетекші әріптестерінің бірі екенін айтты. Сондай-ақ банк саласы мен ауыл шаруашылығында, оның ішінде қант және сүт өнімдерін өндіру бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін білдірді.

Шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян Қазақстан Үкіметі басшысының осы сапары екі ел арасындағы қатынастарды жоғары деңгейге көтеруге ықпал ететініне сенім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети