Смайылов мектеп құрылысына бөлінетін жемқорлар ақшасы туралы: 50 миллиард түсті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Смайылов мектеп құрылысына бөлінетін жемқорлар ақшасы туралы: 50 миллиард түсті Фото:elements.envato.com

Премьер-министр Әлихан Смайылов жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаның мектеп салуға жұмсалатын қаражаты туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Әлихан Смайылов жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаның мектеп салуға жұмсалатын қаражаты туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатта журналистер сауалдарына жауап берген премьер-министр сыбайлас жемқорлықтан алынған ақша үшін Қаржы министрлігінде арнайы шоты көзделгенін атап өтті.

"Ақша Қаржы министрлігінің арнайы шотына түседі және түсіп жатыр. Қазірдің өзінде 50 миллиард теңге түсті. Жақын арада бұл сома 100 миллиард теңгеге дейін өседі деп күтеміз. Олар әсіресе тапшылығы және үш ауысымда оқытатын, апатты жағдайлары бар мектептерді, өңірлерде қосымша оқушы орындарымен қамтамасыз ету мақсатында мектептер мен мектептерге қосымша ғимараттар салуға бағытталады", - деп түсіндірді Смайылов.

Оның айтуынша, қазір Оқу-ағарту министрлігі тиісті құжаттаманы дайындап жатыр. Бұл ретте премьер-министр қаржыландыру бюджетке салынған қаражатқа қосымша жүзеге асырылатынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети