Смайылов Qarmet бойынша өзекті мәселелерге қатысты тапсырма берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Qarmet бойынша өзекті мәселелерге қатысты қажетті шешімдерді бір аптада қабылдауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайылов Qarmet бойынша өзекті мәселелерге қатысты қажетті шешімдерді бір аптада қабылдауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа инвестор мен орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен Qarmet компаниясының қызметі бойынша жұмыс тобының отырысын өткізді.

Қабылданған жедел шаралардың арқасында кәсіпорында желтоқсан айында өндіріс көлемінің артқаны атап өтілді. Ферроқорытпа қоры мен көмір қоры өсті. Дайын өнімді жөнелту қайта жанданды.

Кәсіпорын қызметін тұрақтандыруға 28,6 миллирад теңге жеке инвестиция тартылды. Еңбекақы уақытылы беріліп, салық төлемдері, сондай-ақ МӘМС төлемдері жүргізілген.

Отырыс барысында қатысушылар комбинатты қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, дайын өнім экспортын қолдау шараларын қамтамасыз ету, салық салу, анықталған экологиялық бұзушылықтарды жою және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.

"2024 жылы Qarmet алдындағы негізгі міндеттер қатарында – жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа инвестициялық келісімшарттар жасасу және өнімсіз шығындарды азайту, т. б. арқылы өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселелері бар.

Жалпы жаңа бизнес-модель аясында алдағы жылдары өндірісті жаңғырту және қайта ұйымдастыру, қауіпсіздік көрсеткіштері мен экологиялық жағдайды түбегейлі жақсарту (атап айтқанда, газға көшу), шығарылатын өнім номенклатурасын қайта қарау және т. б. шаралар қабылданады", - делінген хабарламада.

Премьер-министр мемлекеттік органдар тарапынан комбинаттың өзекті мәселелерін шешуде қажетті қолдау көрсетуі керек екенін атап өтті. Осыған байланысты Әлихан Смайылов бір апта ішінде ең басым міндеттер бойынша қажетті шешімдерді қабылдауды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro