Смайыловтың әкесі Жамбыл облысының құрметті азаматы болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Смайыловтың әкесі Жамбыл облысының құрметті азаматы болды Фото:primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың әкесі Асхан Смайыловқа Жамбыл облысының құрметті азаматы атағы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың әкесі Асхан Смайыловқа Жамбыл облысының құрметті азаматы атағы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәселе сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясында қаралды. Комиссия отырысы 18 қазанда өткен.

Асхан Смайыловтан бөлек, тізімде 7 азамат бар. Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов әкесі жайлы құттықтауларының бірінде былай деген еді:

"Менің әкем Асхан Смайылов өмірін медицинаға арнап, дәрігер болып қызмет етті. Бала күнімізде бұл мамандықтың маңызы мен жауапкершілігін сезініп өстік", - деген еді Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, премьер-министрдің әкесі Асхан Смайылов мамандығы бойынша - дәрігер. Алматыда бас хирург болып және №7, №17 ауруханаларда бас дәрігер болған.

Құрметті азамат - кеңестік конституция талаптарын бұлжытпай орындап, адамгершілік үлгісін танытқан, коммунистік құрылысқа үздік еңбек сіңірген барлық азаматтарға берілетін атақ. Республикалық дәрежедегі "Құрметті азамат" атағы Жоғарғы Кеңес Президиумының қаулысымен, ал қалалық, ауылдық дәрежедегі атақтар жергілікті Кеңестердің шешімімен беріледі. Құрметті азамат атағын беру кеңес адамдары арасында коммунистік тәрбиені нығайтып, оларды жаңа еңбек табыстарына жетуге жігерлендіруді мақсат етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети