24 мамыр 2024 | 09:55

Смайыловтың ведомствосы Ұлытаудан кейін Абай облысы шенеуніктерін сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ұлытаудан кейін ҚР Жоғарғы есеп палатасы жекелеген салалар бойынша оң нәтижелерге қарамастан бірқатар жүйелі кемшіліктер мен заңбұзушылықтар анықталған Абай облысы шенеуніктерін сынға алды. 60 бюджеттік инвестициялық жоба сапасыз жобалық-сметалық құжаттаманың және әкімдік тарапынан шаралардың болмауынан жүзеге асырылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлытаудан кейін ҚР Жоғарғы есеп палатасы жекелеген салалар бойынша оң нәтижелерге қарамастан бірқатар жүйелі кемшіліктер мен заңбұзушылықтар анықталған Абай облысы шенеуніктерін сынға алды. 60 бюджеттік инвестициялық жоба сапасыз жобалық-сметалық құжаттаманың және әкімдік тарапынан шаралардың болмауынан жүзеге асырылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов 2022-2023 жылдары Абай облысында бюджет қаражаты мен активтерінің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау жөнінде отырыс өткізді.

"Облыста 2023 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 568 миллиард теңгеден асып, 2022 жылмен салыстырғанда 37,2 пайызға артты. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру деңгейі осы кезеңде 46,7 миллиард теңгеге немесе 10,6 пайызға өсті. Жалпы агроөнеркәсіптік кешенге 78,5 миллиард теңге инвестиция салынды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда шамамен екі есеге артық", - делінген хабарламада.

Жекелеген салалардағы оң нәтижелерге қарамастан, мемлекеттік аудит бірқатар жүйелік кемшілік пен заңбұзушылықты анықтаған. Мәселен, облыстың жергілікті атқарушы органдары тарапынан пәрменді шаралардың болмауы, ЖСҚ-ның сапасыз әзірленуі және мердігерлермен сот талқылаулары салдарынан 218 бюджеттік инвестициялық жобаның 60-ы пайдалануға берілмеген. Оның ішінде тұрғын үй құрылысы, жылу, электр және сумен жабдықтау жобалары бар.

"28 құрылыс объектісінде аяқталмаған жұмыс көлемі үшін және мемлекеттік органдардың ғимараттарын жөндеуде мердігер ұйымдарға 2 миллиард теңгеден астам сомаға көптеген негізсіз ақы төлеу деректері анықталды. Семей қаласының жолаушылар көлігі бөлімі 2023 жылы қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлік бағыттарына тарифтерді дұрыс белгілемегендіктен тасымалдаушыларға 1,3 миллиард теңге сомаға субсидия негізсіз төлеу дерегіне жол берген.

Көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінген қаражаттың қомақты көлеміне қарамастан (ағымдағы нысаналы трансферттерді есепке алғанда 36,9 миллиард теңге), жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдар үлесінің 81,9 пайыздан 78,7 пайызға дейін төмендегені байқалады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ "Семей" ӘКК" АҚ қызметінің тиімділігі төмен екені анықталып отыр. Өңірлік тұрақтандыру қоры толық көлемде қалыптастырылмаған. Іс жүзінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бекітілген 19 түрінен 1,2 миллиард теңгеге 8 түрі ғана сатып алынған. Оның үстіне олардың кейбіреуіне баға асыра көтерілген (17,2 миллион теңгеге). Сонымен бірге тұрақтандыру қорын қалыптастыруға бөлінген 2 миллиард теңгенің 646 миллион теңгесі мақсатына сай жұмсалмаған, ал 55 миллион теңгесі игерілмеген. Бұл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсерін тигізіп отыр.

"Жалпы, аудит қорытындысы бойынша: 9,9 миллиард теңге сомаға қаржылық заңбұзушылықтар; 1,9 миллиард теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау; 57,3 миллиард теңгеге активтерді тиімсіз пайдалану; 687 рәсімдік бұзушылық пен 18 жүйелік кемшілік анықталды. 238 факт бойынша материалдар әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

Жоғары аудиторлық палата анықталған бұзушылықтарды жою және одан әрі алдын алу үшін Қаржы және Энергетика министрліктеріне, Абай облысының әкіміне, Семей қаласының әкіміне, «Семей» ӘКК» АҚ-ға ұсынымдар мен тапсырмалар берді", - делінген хабарламада.

Отырыста облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, әкімнің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков және "Семей" ӘКК" АҚ төрағасы Абай Амангелдин аудиторлық қорытынды бойынша түсініктеме берді. Сондай-ақ, әкімдік тарапынан Семей қаласындағы "Орталық" және "Ғаббасов" қазандықтарын реконструкциялау және инженерлік желілердің тозу деңгейін азайту шаралары туралы да түсініктеме берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети