Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

Сочиге сапар ұйымдастырушы компания өз шартына берік

06 Ақпан 2014, 15:30
0
©REUTERS
©REUTERS
Илья Оразақов. ©Роза Есенқұлова
Илья Оразақов. ©Роза Есенқұлова
Tengrinews.kz-тің Сочиде жүрген арнаулы тілшісі Универсиада-2017 дирекциясының директоры Илья Оразақовпен кездесті.

Бұған дейін Олимпиадаға тур ұйымдастыру мен билеттер сатудың оңаша құқығы Қазақстанда Complete Service компаниясына ғана тиесілі екені хабарланған болатын. Компания қазақстандықтарға құны 7000 доллар тұратын турды ұсынады, оған әуе сапары, бесжұлдызды лайнерге жайғасу, саяхат пен сайыстарды көру билеттері кіреді.

"Бізде бұл жағынан қиындықтардың болғаны рас... Олимпиаданың халықаралық комитеті - бұл сіз ойлағаннан гөрі бизнес деуге көбірек лайық, сондықтан бұл жерде адамдар қатаң қалыппен жүреді. Complete Servise компаниясы экслюзив құқыққа ие болса, оның бұл үшін қанша ақша шығындағанын ойлай беріңіз. Маған біздің әкімді (Есімов - Авт.) орналастыру үшін қажет шамадан анағұрлым көп соманы беруге тура келді. Бізге "я осылай аласыз, я мүлдем алмайсыз" деді", - дейді Оразақов. Дегенмен ол қанша ақша жұмсағанын жария етпеді.

Қазақстан делегациясы Сочи Олимпиадасына келешектегі Алматы Универсиадасына тәжірибе жинау үшін келгенімен, ауқымы жағынан бұл екі шараны салыстыруға болмайды. Сочи Олимпиадасы жұмсалған қаржы жөнінен, қатысушы елдерінің, еріктілерінің көптігі және басқа да ерекшеліктері жөнінен рекорд орнатып тұр. Илья Оразақовтың айтуынша, Универсиада - 2022 жылғы Олимпиада алдындағы сынақ шарасы. Алматының ол Олимпиаданы өткізуге толық мүмкіндігі бар. "Универсиада-2017-ні ел беделін көтеретін жоба ретінде қабылдаған жөн. Сондықтан онда шығыстың қонақжайлылығына ерекше мән беру қажет", - дейді дирекция басшысы.

Олимпиаданың ашылуы 7 ақпан күні болатынын еске сала кетейік. Дәл осы күні Сочиге Нұрсұлтан Назарбаев пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов келеді. Қазақстан спортшылары бұл Ойындарға 58 жолдама алған еді. Бүгін фристайлдың могул жаттығуында Дарья Рыбалова мен Юлия Галышева өнер көрсетеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай