20 желтоқсан 2021 | 16:16

"Сөгіс". Қарағандыда этиканы сақтамаған шенеунік жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қарағандыда облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Арман Байсұлтан тәртіптік жазаға тартылды. Шенеунік қызметтік этиканы сақтамағаны үшін сөгіс алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Арман Байсұлтан тәртіптік жазаға тартылды. Шенеунік қызметтік этиканы сақтамағаны үшін сөгіс алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеунікке қатысты ұжымдық шағымды облыстық жедел жәрдем станциясының бөлім қызметкерлері жазған. Олар Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасына және Еңбек инспекциясы басқармасына шағым түсірді. Сонымен қатар, олар әлеуметтік желілерде үндеу жасады.

"Директордың орынбасары Байсұлтан Арман Ерлікұлы ұжымда жағымсыз жағдай тудырады. Ол бізге айғайлап, дөрекі сөйлеп, дауыс көтереді. Денсаулық сақтау басқармасына оның жедел жәрдем қызметкерлеріне дөрекі, ұятсыз қарым-қатынасына шағымдандық. Бірнеше рет шағым түсірдік, бірақ нәтиже болмады. Бізге тек қоғамдық резонанс көмектеседі!" - делінген жедел жәрдем қызметкерлері үндеуінде.

Сондай-ақ, дәрігерлер биыл тамыздан бастап жаңа бухгалтер келгеннен кейін жалақы едәуір қысқаратынын айтты. 

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство қызметкерлердің шағым дерегі бойынша қызметтік тергеу басталғанын айтты.

"Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы ұжымынан келіп түскен шағым бойынша Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы ЖКСМЖ басшысының орынбасары Байсұлтан Арманға қатысты этиканы сақтау мәніне қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Бүгін Тәртіптік кеңес өтті. Этика мен деонтологияны сақтамағаны үшін оған сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Өтініште көрсетілген басқа да деректер бойынша қызметтік тергеу жалғасып жатыр", - деді ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети