Соғыс ардагері - аты аңызға айналған Паровоз-апа өмірден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соғыс ардагері - аты аңызға айналған Паровоз-апа өмірден өтті Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен

Ұлы Отан соғысының ардагері Алтынай Есболатова 99 жасында өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлы Отан соғысының ардагері Алтынай Есболатова 99 жасында өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бүкіл елді паравозбен аралап шыққандықтан, Паровоз-апа деген лақап атқа ие болған.

Алтынай Есболатова соңғы бірнеше жылда Алматы облысындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан жалғыз әйел ардагер болды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмның отбасына көңіл айтты.

Майданға Алтынай Есболатова 19 жасында машинист-көмекші курсын бітіргеннен кейін барған. Ол Сталинградқа қару-жарақ, техника, өнімдер жіберілген паровозды басқарған. Әйел Украина, Беларусь, Латвия, Литва, Польша арқылы өтетін жолда пойыздың жиі бомбаланғаны туралы естеліктерімен де бөліскен еді.

9 мамырда Алтынай апаны Франкфуртте қарсы алып, үйіне, Алматы облысына 1946 жылы ғана оралған. Онда ол теміржолда жұмыс істеуді жалғастырды.

Ерлігі мен батылдығы үшін Алтынай Есболатова біраз марапаттарға ие болды, оның ішінде І дәрежелі Отан соғысы ордені, "Сталинградты қорғағаны үшін", "Қырымды азат еткені үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарын иемденген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети