Соғыс және тыл ардагерлері жыл бойы пойызбен тегін жүреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соғыс және тыл ардагерлері жыл бойы пойызбен тегін жүреді © mosreg.ru

Соғыс және тыл ардагерлері жыл бойы теміржолда тегін жүреді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соғыс және тыл ардагерлері жыл бойы теміржолда тегін жүреді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап. 

Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры "Жолаушылар тасымалы" АҚ-мен біріге отырып Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне теміржолда жол бойы тегін жүру акциясының өтіп жатқанын хабарлайды.
Бұл акция "Жеңіс" деп аталатын республикалық әлеуметік-қайырымдылық жобаның аясында өтіп жатыр. 

Акцияның шарттарына сай барлық ардагерлер "Жолаушылар тасымалы" АҚ-на қарасты барша бағыттарда және де Компанияның ТМД аумағына жүретін пойыздарында тегін жүре алады. Оларға барлық вагондарда купе және де "Тұлпар-тальго" вагондарында "Турист" пен мүгедектерге арналған арнайы орындар қарастырылған.
Сонымен бірге сапар барысында Ұлы Отан соғысы ардагерлерге тегін тамақ беріледі.

Жол билеттерін рәсімдеу үшін билет кассаларына жеке куәлікпен қоса Ұлы отан соғысы мен тыл ардагері екенін растайтын құжатты тапсыру керек.

ТМД аумағына сапар шегетін ардагерлер жол билетін тек Қазақстан Республикасында сатып ала алады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети