"Союз" зымыранының апаты: Атамқұлов экологиялық сынамалардың нәтижесін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Союз" зымыранының апаты: Атамқұлов экологиялық сынамалардың нәтижесін айтты © REUTERS

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов зымыран ұшыру кезінде болған апаттан кейін алынған экологиялық сынамалардың нәтижесі қалыпты деңгейде екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов зымыран ұшыру кезінде болған апаттан кейін алынған экологиялық сынамалардың нәтижесі қалыпты деңгейде екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 11 қазанда Байқоңырда "Союз МС-10" зымыран-тасығышын ұшыру кезінде төтенше жағдай болған еді. "Союз МС-10" бортында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг болған. Кейінірек олар аман-есен екені анықталған болатын.

Осыған дейін министр Атамқұлов журналистерге зымыран-тасығыш құлаған топыраққа жүргізілген сараптаманың нәтижесінде де экологиялық ластанудың анықталмағанын хабарлаған еді.

"Экологиялық сынамалар қалыпты жағдайды көрсетті. Сараптамалар аяқталып қалды", - деді Атамқұлов журналистерге. Оның айтуынша, бүгінде айтарлықтай экологиялық ластану жоқ.

"Бірінші кезекте апат "Байқоңырда" болған жоқ. Бұл ұшыру кезіндегі штаттан тыс жағдай. Ғарыш айлағы өз орнында қаз-қалпында тұр. Онда барлығы тұрақты өтті, барлығы дұрыс. Бұл экологияға еш қауіп төндірмейді. Табиғатқа зияны жоқ", - деген еді осыған дейін министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети