Солтүстік Аралды сақтау: теңізге миллиардтаған текше метр су жіберілген

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Аралды сақтау: теңізге миллиардтаған текше метр су жіберілген Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

2023 жылдан бүгінге дейін Солтүстік Аралдағы су көлемі 24,1 млрд текше метрге жеткен. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2023 жылдан бүгінге дейін Солтүстік Аралдағы су көлемі 24,1 млрд текше метрге жеткен. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, осы уақыт ішінде теңізге 5 млрд текше метр су жіберілген. 2025 жылы теңіздегі су көлемін 20,6 млрд текше метрге жеткізу көзделген. Бастапқы жоспар бойынша 2030 жылға қарай Солтүстік Аралдың көлемі 27 млрд текше метрге жетуі керек.

"Қазір Дүниежүзілік банктің гранты есебінен Солтүстік Аралды сақтау жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Жергілікті тұрғындардың пікірін ескеріп, Ақшатау және Қамыстыбас көл жүйелеріндегі су деңгейін тұрақтандыру үшін су торабын салып, Көкарал бөгетін 2 метрге ұлғайту нұсқасы қарастырылып жатыр. Жоба Солтүстік Аралдағы судың көлемін арттыруға және сапасын жақсартуға, Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіруге, теңіз түбінен тұзды шөгінділердің ұшуын азайтуға, Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытуға және жергілікті халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети